Түркия ғарыш саласында SpaceX-пен жұмыс істеуі мүмкін

423

Түркия президенті Маскты Измирдегі Technofest фестиваліне шақырды. 

Түркия ғарыш саласында SpaceX-пен жұмыс істеуі мүмкін Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Нью-Йоркте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маскпен кездесті, деп жазады Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Илон Маскты Нью-Йорктегі Türkevi-де қабылдады. Кездесуге Макс ұлымен бірге келді.

Жабық қабылдауға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, өнеркәсіп және технологиялар министрі Мехмет Фатих Каджыр, өнеркәсіп, сауда, энергетика, табиғи ресурстар, ақпарат және технологиялар жөніндегі комиссияның төрағасы Мұстафа Варанк және Президент жанындағы цифрлық трансформация басқармасының басшысы Али Таха Коч қатысты.

Президент Ердоған қабылдау кезінде Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маскты Түркияда Tesla компаниясының жетінші зауытын салуға шақырды.

Түркия басшысы елдің ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыру аясында SpaceX компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Президенттің қоғаммен байланыс басқармасының хабарлауынша, Ердоған Маскқа Түркияның технология саласындағы жетістіктері, Digital Turkey vision бағдарламасы және Ұлттық жасанды интеллект стратегиясы туралы айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу