Түркия билігі ғарыш стансасын салуды жоспарлап отыр. Осылайша әлемде тағы бір ғарыш державасы пайда болады, деп хабарлайды islam.kz.
Ғарыш нысанының құрылысы туралы заң жобасы парламенттің қарауына жөнелтілді. Бұл жайында аталған ел премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті.
Anadolu ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, түріктердің ғарыш стансасын салудағы мақсат елдің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге саяды. Сондай-ақ, авиациялық технологияның көмегімен табиғи ресурстарды халық иглігіне жаратуды көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу