Түркия Газаға шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәлімдемеде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен Анкара халықаралық алаңдарда Газа халқына қолдау білдіріп, әлем елдерін шұғыл көмек көрсетуге үндеп отырғаны айтылды.
Көмек шаралары Түркияның Сыртқы істер, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері, Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD), Түрік Қызыл Жарты айы мен түрлі қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жүзеге асып жатыр.
Жеткізілген көмектің негізгі бөлігі:
-
16 кеме және 14 ұшақ арқылы тасымалданды;
-
25 729 тонна азық-түлік, 65 273 тонна ұн, 3 171 тонна ауыз су;
-
25 180 шатыр, 351 уақытша тұрғын контейнер, 113 608 көрпе, 19 798 ұйықтайтын қап;
-
281 238 гигиеналық жиынтық, 550 тонна санитарлық заттар;
-
1451 генератор, 3 жылжымалы асхана, жүк тиегіш техника;
-
469 486 киім-кешек пен 1083 ойыншық жинағы.
Медициналық көмек:
-
8 дала госпиталі құрылды;
-
53 жедел жәрдем көлігі жеткізілді;
-
247,5 тонна медициналық құрал-жабдық жіберілді;
-
Газадан Түркияға 430 науқас пен 450 еріп жүрген адам эвакуацияланды.
Сонымен қатар, Түркия AFAD және Қызыл Жарты ай арқылы 7,5 млн доллар көлемінде қаржылай көмек бөлді.