Түркия Грекиядан аралдарды қаруландыруды тоқтатуды талап етті

530

Түрік дипломатиясының басшысы әскери мәртебесі жоқ аралдарды қаруландыру Түркияның қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті.  

Түркия Грекиядан аралдарды қаруландыруды тоқтатуды талап етті Фото: aa.com.tr

Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу Грекия халықаралық келісімдерге қайшы, Эгей теңізіндегі демилитаризацияланған мәртебеге ие 23 аралдың 16-сына қару-жарақ жіберіп, орналастырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz AA агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркияның саяси, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер қоры (SETA) ұйымдастырған "Түркияның Эгей теңізі мен Шығыс Жерорта теңізіндегі сыртқы саясаты" панелінде сөйлеген сөзінде Чавушоғлу мәлімдеді.

Чавушоғлу әскери мәртебесі жоқ аралдарды қаруландыру Түркияның қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті.

"Анкара Грекияны халықаралық құқықты сақтауға және Эгейдегі демилитаризацияланған аралдарды қаруландыруды тоқтатуға шақырады", - деді Чавушоғлу.

Түрік министрі 2021 жылдың басында Анкара Грекиямен диалог орнатуға барынша күш салғанын еске салды, бірақ грек жағы қажетті саяси ерік пен шынайылық танытпаған көрінеді. Чавушоғлу оған қоса Грекия шенеуніктері, атап айтқанда Сыртқы істер министрі Никос Дендиас Түркияға қарсы мәлімдеме жасауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзі "шыдамның шегі" болды деді.

"Грекияны осындай әрекетке итермелейтін әртүрлі себептер бар. Негізгі себептердің қатарында Түркияның аймақтағы және бүкіл әлемдегі ықпалының артуы", - деді Чавушоғлу.

Сонымен қатар, министр Түркияға қарсы мәлімдемелер жергілікті билікке қоғам алдында "ұпай жинауға" мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу