Түркия халқы бұл ауыр сынақты сабырлықпен еңсеретініне сенімдіміз – Мәулен Әшімбаев

700

Түркістанда Орталық Азия елдерінің І Парламентаралық форумы өтіп жатыр. 

Түркия халқы бұл ауыр сынақты сабырлықпен еңсеретініне сенімдіміз – Мәулен Әшімбаев Фото: Almaty.tv

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бауырлас түрік халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Өздеріңізге белгілі бірнеше күн бұрын бауырлас Түркия елінде жойқын зілзала болып, мыңдаған адам қаза тапты. Осыған орай форумға қатысушылардың атынан барша Түркия халқына және жер сілкінісінен опат болғандардың жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Кеше Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесінде апат салдарынан қаза тапқандардың рухына арнап құран оқыттық. Түркия халқы бұл ауыр сынақты сабырлықпен еңсеріп, жақын арада жағдай тұрақталады деп сенеміз және соған тілектеспіз", - деді Сенат Спикері бірінші Парламентаралық форумда сөйлеген сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу