Түркия халқына қалай көмектесе аласыз?

895

Көмекті өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүзеге асыруға болады. 

Түркия халқына қалай көмектесе аласыз? Фото: ТСН

"Атамекен" Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жинайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz кәсіпкерлер палатасы сайтына сілтеме жасап.

"Бауырлас елде болған трагедия қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. "Атамекен" Ұлттық палатасының атынан, бизнес қоғамдастықтың атынан заманымыздағы ең ірі табиғи апаттарының бірі барысында зардап шеккен түрік  халқына, Қазақстан мен Түркиядағы серіктестерімізге көңіл айтқым келеді. Мемлекеттеріміздің өзара ынтымақтастығының қай кезінде болсын түрік халқы еліміз үшін қиын күндерде достық көмек қолын созуға әрқашан дайын болды. Бүгін Қазақстанның бизнесі бауырлас түрік халқына да қолдау көрсетуге дайын", – деп атап өтті "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға қолдау білдіргісі келетін отандық кәсіпкерлер қаржылай және бірінші қажеттіліктегі тауарлар арқылы гуманитарлық көмек көрсете алады.

Көмекті өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүзеге асыруға болады. Толық ақпаратты 1432 байланыс орталығына хабарласыңыз.

"Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі қазіргі уақытта Түркияда медициналық жабдықтар: пациенттердің жай-күйін тексеретін мониторлар, зембілдер мен креслолар, дефибрилляторлар, ЭКГ, ОЖЖ, УДЗ, анастезия аппараттары, глюкометрлер, небулайзерлер, термометрлер, тонометрлер, ларингоскоптар және басқа да санитариялық-медициналық тауарларға шұғыл қажеттілік бар екенін хабарлады" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар генераторлар, қалта шамдар, powerbank, шатырлар, төсек қап, қалың киім, термалдық іш киім қажет.

Бизнес өкілдері қазірдің өзінде қажет болған жағдайда жүктерді Түркияға жүк көлігімен тегін жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан бойынша бірнеше фуралар жүк тиеуге дайын тұр.

Сонымен қатар кәсіпкерлер қаржылай көмекті "Күшіміз бірлікте" қоры арқылы аудара алады.

"Күшіміз бірлікте" қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583; есеп айырысу шоты "Банк ЦентрКредит" АҚ: KZ268562203115072353; "Банк ЦентрКредит" АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260  КНП 119

"Күшіміз бірлікте" қорына қаражатты Kaspi қосымшасындағы төлемдер арқылы аударуға болады.

 Жиналған барлық қаражат Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу