Түркия халықаралық іздеудегі күдіктіні ұстап берді

964

Күдіктіге 2014 жылдан бері іздеу жарияланған.

Түркия халықаралық іздеудегі күдіктіні ұстап берді

Түркия билігі іздеудегі адамды Қазақстанға ұстап берді, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгін бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ интерполының қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады.

Ол Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасаған деген  күдікке ілінген, 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде.

Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты.

Қазіргі уақытта Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу