Түркия ХАМАС пен шетелдіктерді босату жайын талқылауда

413

Израильдік емес азаматтар "қонақ".

Түркия ХАМАС пен шетелдіктерді босату жайын талқылауда Фото: AP Photo/John Minchill

Түркия палестиналық ХАМАС содырлар тобымен кепілге алынған шетелдіктерді, бейбіт тұрғындарды және балаларды босату үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан айтты.

Оның айтуынша, көптеген елдер Түркиядан ХАМАС қолындағы азаматтарын босатып беруге көмектесу жөнінде өтінішпен шыққан. 

Reuters таратқан мәліметте Хакан Фидан дүйсенбіде бұл мәселені ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханиямен талқылаған. 

Дүйсенбіде ХАМАС жетекшілерінің бірі Халед Машал Израиль түрмелеріндегі барлық палестиналықтарды босату үшін бізде "қажеттінің бәрі бар" деп мәлімдеген. Бұл жерде ол кепілде ұстап отырған шетелдіктерді меңзеген болу керек.

Осы мәлімдемеден кейін көп ұзамай топтың қарулы қанаты кепілге алынған израильдік емес азаматтар "қонақ" екенін айтып, жағдайға қарай олар босатылатын жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу