Түркия Ирактың солтүстігінде операцияның бірінші кезеңін аяқтады

582

Ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл операцияның мақсаты – Ирак аумағын террористерден тазарту, шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркия Ирактың солтүстігінде операцияның бірінші кезеңін аяқтады

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелеріне қарсы операцияның бірінші кезеңінің аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бірінші кезең аяқталды. Біздің әскерилер тиісті жерге жетті, енді сол аумақтар олардың бақылауында болады", – деді ол.

Сондай-ақ Түркия Қарулы Күштері партияның 56 мүшесін ұстады. Анкара бұл партияны террористік ұйым және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

Бұған дейін Түркияның Қарулы күштері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастағанын мәлімдеді. Операцияға арнайы күштер мен әуе күштері қатысуда. Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акара ұшақтар күрдтердің баспаналарына, бункерлеріне,қоймаларына  соққы жасалғанын хабарлады.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшы партиясы Түркиядағы күрдтердің саяси құқығы талап етіп, елдің құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылдың шілдесінде тоқтатылды.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған бұл операцияның мақсаты Ирак аумағын террористерден тазарту, шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп мәлімдеді. Ол Түркияның басқа жерлерді жаулап алуды көздеп отырмағанын алға тартты.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу