Түркия Иранмен шекарада алып қабырға тұрғызып жатыр

185

Бекініс салудағы мақсат – заңсыз мигранттар мен контрабандашылардың кіруіне жол бермеу.

Түркия Иранмен шекарада алып қабырға тұрғызып жатыр Фото: ansar.ru

Түрік күштері қолда бар заманауи технологияларды пайдалана отырып, Ван провинциясындағы Түркия-Иран шекарасында алып қабырға тұрғызбақ. Қазіргі уақытта бекіністің құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шекараны бақылау және қадағалау үшін физикалық кедергілерден басқа заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылып отыр. Түрік шекарашыларында бақылау камераларымен қоса түнгі уақытта қозғалысты анықтауға көмектесетін тепловизорлар және әуеден патрульдеуге қажетті ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.

Бұл шаралар шекарада тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Шекараны заңсыз кесіп өтуді, соның ішінде көші-қон, контрабанданы және заңсыз қарулы топтардан келуі мүмкін қауіп-қатерді алдын алу үшін бетон қабырға мен арықтардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл аймақтың ұзындығы шамамен 300 км және ол қазірдің өзінде Түркияның шығыс шекарасындағы маңызды бақылау нүктесіне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу