Түркия Иранмен шекараға қамал тұрғызбақ

887

Түркия Иранмен шекараға қамал тұрғызбақ

Түркия билігі Иранмен шекараға қамал тұрғызу жұмыстарына кірісті, деп хабарлады Hurriyet басылымы ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, қабырға әрқайсысы 7 тоннадан тұратын үш метрлік бетон блоктардан тұрады. Құрылыс Агры, Ыгдыр және Карс провинцияларының шекарасын күшейтуге бағытталған. Құрылыс жұмыстары басталған шекара бөлімшесіне Агры провинциясының губернаторы Сүлейман Эльбан келді.

Айта кетейік, Иран мен Түркия арасындағы 70 шақырымдық шекараға қабырға тұрғызу жоспары 2017 жылдың мамыр айында жарияланған. Оңтүстік шекарасына қосымша қорғаныс қажеттігін Анкара Иран аумағын пайдаланып, сол жақтан түрік территориясына шабуыл жасайтын күрд көтерілісшілерінің әрекеттерімен байланыстырады.

Қазіргі уақытта Түркия тарапы Сириямен шекараға осыған ұқсайтын қорғаныс құрылысын аяқтап қалды. Қабырға "Ислам мемлекеті" содырларының, сондай-ақ, Анкара лаңкестік ұйым деп санайтын Күрдістан жұмысшы партиясы мүшелерінің Түркия аумағына өтуінен қорғауға бағытталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу