Түркия Израильді "Газадағы қылмысы үшін" жазасын тарттыру үшін қолдан келгенді жасайды – Ердоған

361

Бұған дейін ол "Израиль Газа секторын және оның халқын толығымен жою стратегиясын жүзеге асырып жатқан террористік мемлекет" деп айтқан болатын.   

Түркия Израильді "Газадағы қылмысы үшін" жазасын тарттыру үшін қолдан келгенді жасайды – Ердоған Фото: Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Израиль басшылығының "Газадағы қылмысы" үшін жазасын тарттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Басқалары Израильдің қылмыстарына көз жұма қараса да, біз олай істей  алмаймыз", - деді ол.

Бұған дейін Ердоған "Израиль Газа секторын және оның халқын толығымен жою стратегиясын жүзеге асырып жатқан террористік мемлекет" деп айтқан болатын. Ол Израильдің Газа секторы тұрғындарына қатысты қатыгездігі Түркия Республикасының күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу