"Измирдің Мендерес ауданында кофеханадағы екі топ арасындағы төбелес атысқа ұласты. Алдын ала мәліметтер бойынша, қарулы қақтығыс салдарынан бес адам қаза тауып, екі адам жарақат алды", - деп хабарлайды РИА Новости.
Қарызға байланысты бір-бірімен қақтығысқан екі топ сөйлесу үшін жергілікті кафелердің бірінде жиналған.
"Тараптар арасындағы жанжал қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медициналық топтар жіберілді. Полиция бұл оқиғаны тергеуді бастады", - деп нақтылады басылым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу