Түркия қала мэрлерін тұтқындап жатыр

1029

Түркия қала мэрлерін тұтқындап жатыр

Бүгін Түркияда  елдің шығысында орналасқан Ван қаласының мэрі тұтқындалып, қызметінен уақытша шеттетілді, деп жазады "КоммерсантЪ".

Бұл соңғы бірер күнде орталық үкіметтің бұйрығымен қызметінен аластатылған осымен үшінші мэр. Бұған дейін Мардин және Сиирт қалаларының басшылары ұсталған еді.

Тұтқындалған мэрлердің орнында олардың міндеттерін Түркияның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері атқара бастады.  Ұсталған мэрлерге, сондай-ақ әкімшіліктің бірқатар қызметкеріне күрд жасақтарымен байланысы бар деген айып тағылып отыр. Ұсталған қала басшыларының бірі шынымен де аймақтардың күрд демократиялық партиясының мүшесі, алайда ол елдің қазіргі үкіметіне қарсы оппозиция саналатын Түркияның Халықтық-демократиялық партиясы ресми рұқсат  еткен бөлімше болып табылады.

Бірқатар құқыққорғаушы күрд жасақтарымен, оның ішінде тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясымен байланысты деп айыптау қазіргі үкіметтің  оппозицияны әлсірету үшін жасап отырған әрекеті деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу