Түркия қараша айында Қара теңіздегі газ құбырының құрылысын аяқтайды

515

Түркия биыл қарашада Қара теңізден газ жүйесіне қосылу үшін құбыр құрылысын аяқтайды, деді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған. 

Түркия қараша айында Қара теңіздегі газ құбырының құрылысын аяқтайды Фото: rbc.ru

"BOTAŞ (Түркия мемлекеттік компаниясы) осы айда газды ұлттық жүйеге қосу үшін жер үсті құбырын салуды аяқтайды", — деп Анадолу агенттігі Ердоғанның сөзін келтіреді.

Бұған дейін Sabah газеті Түркия Қара теңіздегі Сакария кен орнынан 540 миллиард текше метр газ өндіру және тасымалдау жобасына шамамен 10 миллиард доллар инвестициялайтынын жазған. Жоспарлар бойынша кен орнынан алғашқы газ Түркияға 2023 жылы түсуі тиіс. Түркияның энергетика министрлігінің басшысы Фатих Донмез Қара теңізде табылған газдың құны 400 миллиард долларды құрайтынын хабарлады.

"Соңғы мәліметтер бойынша Сакария кен орындары 540 миллиард текше метрді құрайды. Бұл көрсеткіш болашақта артуы мүмкін", - деп түрік басшысының сөзін келтіреді Анадолу агенттігі.

Ердоған заманауи бұрғылау қондырғыларының арқасында Түркияның мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейгенін айтты. Ол көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша түрлі ұсыныстар келіп түскенін атап өтті.

"Серіктестердің әртүрлі ұсыныстары бар. Ливия біздің табиғи ресурстарды зерттеу қызметтерімізге қызығушылық танытуда", - деді Түркия президенті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу