Түркия қазақстандық алма мен алмұрт өсіруге 204 млн доллар салмақшы

651

Жобаны іске асыру үшін Қазақстанның үш өңірі таңдап алынған. 

Түркия қазақстандық алма мен алмұрт өсіруге 204 млн доллар салмақшы

АШМ таратқан ақпаратқа сәйкес, жобаны іске асыру үшін әлеуетті өңірлер ретінде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары қарастырылуда.

Қазір қазақстандық серіктестер "Göknur Gıda" компаниясымен тиісті келісімдерге қол жеткізді. Жобаның құны 204 млн АҚШ долларын құрайды. Инвестициялық жоба аясында 500 жұмыс орнын ашу көзделуде.

"Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР АШМ басшысы Нигде қаласында орналасқан "Göknur Gıda" компаниясының өндірістік нысандарын аралады.Сапархан Омаров зауыттағы жеміс шырындары, пюре, концентрат және биогаз өндірісінің технологиялық желісімен танысты. Сонымен қатар "Göknur Gıda" компаниясының құрылтайшысы Осман Асланалимен Қазақстанда интенсивті жеміс бақтарын бөлуді және оған ұқсас технологиялық өндірістік желіні құруды көздейтін "инвестициялық" жобаны іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер өткізді", деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу