Түркия Қазақстанға еңбек мигранттары үшін визасыз режим орнатуды ұсынды

1187

Түркия Қазақстанға еңбек мигранттары үшін визасыз режим орнатуды ұсынды

Түркия еңбек мигранттары үшін Қазақстанмен визасыз режим орнатуды ұсынып отыр. Бұл туралы қазақ-түрік бизнес форумында Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Оның сөзінше, қос ел компаниялары арасында баяғыдан бері ынтымақтастық-әріптестік орнаған.

Министрдің айтуынша, бірлескен жұмыстар жүргізген жылдары Түркия Қазақстанға 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйыпты. Енді оны 10 миллиард долларға дейін арттыруға болады. Сондай-ақ түрік бизнесмендері тауар айналымының артуына да ықпал етпек. Қазір ол көбінесе табиғи және энергия ресурстарымен шектелген. Түркия сондай-ақ бізге текстиль өнімдерімен азық-түлік өнімдерін де жеткізуге құлық танытып отыр. Тек айтылған жоспарды жүзеге асыру үшін қос ел сауда қарым-қатынастарын қайта қарап, кей шектеулерді алып тастағаны жөн дейді түрік министрі.

Нихат Зейбекджи, Түркияның экономика министрі: Біз екі ел әріптестігі үшін барлық кедергілерді жоюуымыз керек. Ия, екі ел арасында визасыз режим бар. Менің ойымша, енді жұмыс күштеріне де осы режимді енгізетін кез келді. Бұл қос ел бір біріне өз өнімдерін еш кедергісіз, оңай жеткізе алатын болады деген сөз. Жиында Туркия президентінің Қазақстанға келетін күні де белгілі болды. Бұл кездесу ЭКСПО көрмесінің жабылуы, яғни 9-10-шы қыркүйекке қарай жоспарланып отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу