Түркия Қазақстанға киберқауіпсіздік мамандығы бойынша квота бөлді

1142

Еліміздің әскери қызметшілері "Эфес", "Кыш" оқу-жаттығуларына қатысады. 

Түркия Қазақстанға киберқауіпсіздік мамандығы бойынша квота бөлді Фото: mod.gov.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркия Республикасының қорғаныс министрі Хулуси Акараның кездесуінде айтылды. 

Белгілі болғандай, Қазақстан Түркияға киберқауіпсіздік мамандығы бойынша квота бөлу туралы өтініш білдірген. Бауырлас ел мәселені сөзбұйдаға салмай, бірден шешкен. 

Айта кетейік, былтыр Қазақстан қорғаныс министрлігі алғаш рет түрік әскери қызметшілеріне еліміздегі Ұлттық қорғаныс университетінде білім алуға мүмкіндік берді. 

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан мен Түркия қарулы күштерінің басшылары бұған дейін диверсияға қарсы арнайы операция жүргізетін арнайы жасақ даярлау мәселесін пысықтаған. Нәтижесінде Қазақстанның әскери қызметшілеріне Түркия аумағында өткізілетін "Эфес" көпұлтты оқу-жаттығуына және "Кыш" оқу-жаттығуына қатысуы құқы берілген. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу