Түркия кеденінің қызметкері атыс кезінде қаза тапты

928

Шабуыл кеден қызметкері отырған брондалған көлікке жасалыпты.

Түркия кеденінің қызметкері атыс кезінде қаза тапты

Түркияның шығысындағы Агра провинциясына қарасты Гөрбұлақ ауданы басқармасының қызметкері қызметтік көлікке жасалған шабуыл кезінде ажал құшты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

"Гөрбұлақ ауданының кедендік басқармасының қызметкерлері толы қызметтік көлікке жасалған шабуыл кезінде ішіндегі бір адам қаза тапты", – деді елдің Сауда министрі Рухсар Пекджан. 

Бұған дейін Түркияның Ішкі істер министрі өзінің Твиттердегі парақшасында осы көлікке зымырандық шабуыл жасалғанын жариялаған болатын. Ескере кететін жайт, Агра провинциясында Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшылар партиясы әрекет етеді. 

Еске сала кетсек, 2015 жылдың шілде айында Түркия мен Күрдістанның жұмысшылар партиясы арасындағы қарулы қақтығыс кезінде күрд көтерілісшілері шабуыл жасап, 900-ден астам әскери мен полицей, 500-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Түркияның Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, сол уақыттан бері елдің қауіпсіз күштері осы партияның 10 мыңға жуық мүшесін қолға түсіріпті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу