Түркия кесірінен биткоин бағасы құлдырады

1084

13 сәуірде биткоиннің бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 62,7 мың долларға сатылды.

Түркия кесірінен биткоин бағасы құлдырады

Биткоин құны құлдырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CoinMarketCap сайтының мәліметіне сілтеме жасап. Бұған Түркия билігінің тауарлар мен қызметтер төлемін жүргізу үшін криптовалютаны қолдануға тыйым салуы себеп болды. Соңғы дерек бойынша, бір биткоин бағасы 2,5%-ға төмендеп, 61,6 мың доллар болды. 

Түркияның орталық банкі 30 сәуірден бастап тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін криптовалютаны қолдануға тыйым салды. Реттеуші криптоактивтерде қатер көп екенін және оның ешқандай жолмен реттелмейтінін алға тартып отыр. Сонымен қатар банк криптовалютаның нарықтық құны тым құбылмалы және ол заңсыз қызмет үшін пайдаланылуы мүмкін деген пікірде.

13 сәуірде биткоиннің бағасы рекордтық деңгейге жетіп, 62,7 мың долларға сатылды. Наурызда бірқатар сарапшы оның құны жыл соңына дейін 400 мың долларға дейін өседі деп болжаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу