Түркия криптовалютаны ислам тұрғысынан қажетсіз деп таныды

1156

Түркия криптовалютаны ислам тұрғысынан қажетсіз деп таныды

Түркия дін істері басқармасы (Диянет) биткоин мен басқа да криптовалюта операцияларын ислам тұрғысынан қажетсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Дін тұрғысынан криптовалютаны сату немесе сатып алудың қажетсіздігі операция алып-сатарлыққа жол ашуымен және оны заңсыз мақсаттарда қолданудың да жеңіл болуымен, яғни ақша жымқырудың жеңіл болуымен байланысты",- делінген басқарма мәлімдемесінде.

Айта кету керек, 28 қараша күні биткоин курсы 10 мың $ асып кеткен. 2017 жылдың басынан криптовалюта он еседен көп қымбаттаған, ал оның капитализациясы 167 млрд $-дан асты. Криптовалюта нарығының жиынтық капитализациясы  310 млрд $-дан асып жығылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу