Түркия Күрдістан жұмысшы партиясының 42 мүшесін ұстады

741

Ердоған бұл операцияның мақсаты Ирак аумағын террористерден тазарту, шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп мәлімдеген болатын.

Түркия Күрдістан жұмысшы партиясының 42 мүшесін ұстады

Түркияның қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі операция барысында Күрдістан жұмысшы партиясының 42 мүшесін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Анкара бұл партияны террористік ұйым және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды.

Бұған дейін Түркияның Қарулы күштері Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына қарсы жаңа әскери операцияны бастағанын мәлімдеді. Операцияға арнайы күштер мен әуе күштері қатысуда. Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акара ұшақтар күрдтердің баспаналарына, бункерлеріне,қоймаларына соққы жасалғанын хабарлады.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшы партиясы Түркиядағы күрдтердің саяси құқығы талап етіп, елдің құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылдың шілдесінде тоқтатылды.

Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған бұл операцияның мақсаты Ирак аумағын террористерден тазарту, шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп мәлімдеді. Ол Түркияның басқа жерлерді жаулап алуды көздеп отырмағанын алға тартты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Түркияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу