Түркия күрдтерге қарсы әскери операцияны бастады

634

Күрдтердің түркиялық полицейлердің бөлімшелеріне және қауіпсіздік күштері шоғырланған аудандарға жасаған шабуылдары әскери операцияның басталуына түрткі болған.

Түркия күрдтерге қарсы әскери операцияны бастады

Ирак елінде Түркияның қарулы күштері Күрдістанның Жұмысшылар партиясына қарсы "Қыран тырнағы" деп аталатын операция жүргізіп жатыр. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство өкілдері операцияны жүргізуге Анкара заңды түрде құқылы екенін мәлім етті. Елдің қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Синджар, Карачак, Зап, Хакурк және Кандиль сияқты елдімекендерде орналасқан лаңкестік топтарға шабуылдауда. Ескере кететін жайт, Түркия Күрдістанның жұмысшылар партиясын лаңкестік ұйым деп таниды.
Ресми дерекке сүйенсек, күрдтердің түркиялық полицейлердің бөлімшелеріне және қауіпсіздік күштері шоғырланған аудандарға жасаған шабуылдары әскери операцияның басталуына түрткі болған.

Бұған дейін сәуір айында Анкара күрдтердің қарулы жасағын Сирияның Африн қаласындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыптаған. Лаңкестік салдарынан 40 адам қаза тапқан еді. Ажал құшқандардың арасында бейбіт тұрғындармен қатар түрік әскерилері де болған. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу