Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді

291

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform меншікті тілшісіне сілтеме жасап.  

Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді Фото: Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі

"Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін", — деді Садыр Жапаров.

Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар көлеміндегі қарызын "жасыл" экономика жобаларын жүзеге асыру мақсатында кешіргені атап өтілді.

Сонымен қатар, сапар қорытындылары бойынша Қырғызстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 4 қарашада мемлекеттік сапармен Бішкекке келді. Оны "Манас" халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды. 6 қарашада Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу