Түркия Қырымдағы Мемлекеттік Дума сайлауын мойындаудан бас тартты

769

Анкара Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауын жалғастырады. 

Түркия Қырымдағы Мемлекеттік Дума сайлауын мойындаудан бас тартты

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қырымда өткен Мемлекеттік Дума сайлауының заңдылығын мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Түрік дипломаттары сайлаудың Анкара үшін заңды күші жоқ деп мәлімдеді. "Түркия Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауын жалғастырады және Қырымды заңсыз аннексиялауын мойындамайды. 2021 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Қырымда өткен Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы сайлауының нәтижелері Түркия үшін заңды болып табылмайды", – деп жазылған мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия деп, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу