Түркия мен АҚШ ресейлік мұнай бағасының шекті бағасын талқылады

548

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо Түркия СІМ басшысының орынбасары Седат Оңалмен сөйлесу барысында Ресей мұнайының бағасының шегін талқылады.    

Түркия мен АҚШ ресейлік мұнай бағасының шекті бағасын талқылады Фото: yamal-media.ru

"Олар теңіз арқылы жеткізілетін Ресей мұнайына бағаның шекті деңгейін енгізуді талқылады", - делінген АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талқылау барысында Адейемо "бағаны шектеу режимі тек ресейлік мұнайға қатысты болады және түрік аумақтық сулары арқылы өтетін кемелерді қосымша тексеруді қажет етпейді" деп атап өтті.

"Тараптар бақылаудың қарапайым режимін енгізу арқылы жаһандық энергетикалық нарықта жеткізілімдердің жеткілікті деңгейін ұстап тұру жолында ортақ мүдделердің бар екендігін атап өтті, сондықтан түрік бұғаздары арқылы теңіз мұнайын транзиттеуге рұқсат берілетін болады", - делінген хабарламада.

Алайда Анкара бірқатар елдер энергия бағасының лимитін енгізгеннен кейін қазақстандық, ресейлік мұнай танкерлерінен сақтандыруды растауды сұрай бастағанын еске саламыз. Шенеуніктер мұндай шара Босфор мен Дарданелл бұғаздарында кептеліс тудырғанын жоққа шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу