Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскер құрмақ

954

15 маусымда Таулы Қарабақтағы Шуша қаласында Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Шуша декларациясына қол қойған еді.

Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскер құрмақ

Түркия мен Әзербайжан бірлескен түркі әскерін құруды көздеп отыр. Қазір қос елдің билігі осыған қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Түркияның Ұлттық Ұлы Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоптың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Әзербайжан мен Түркияның Қарулы күштері маусым айының соңында Нахичевань автономиялық республикасында тактикалық әскери жаттығуларды өткізген еді. Жаттығулар Нахичевань аймағының астанасында ұйымдастырылды. 

Әскери-өнеркәсіптік саладағы түрік-әзербайжан ынтымақтастығының тереңдетілуі қос ел қол қойған Шуша декларациясында қарастырылған. 

15 маусымда Таулы Қарабақтағы Шуша қаласында Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Шуша декларациясына қол қойған еді. Құжатта Анкара мен Баку арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары, соның ішінде қорғаныс және өзара көмек жөніндегі міндеттемелер туралы жазылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу