Тараптар келісімге келсе, сауда және тасымал қатынасында кедергі болмайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазір пилоттық режимде жұмыс істейтін техникалық база дайындалып жатыр. Егер ол нәтижелі болса, түріктер Өзбекстанмен де дәл осындай байланыс орнатады.
Бүгінде Түркия мен Әзірбайжанның жалпы ішкі өнімінің көлемі 1 трлн доллардан асқан. Егер аталған 3 елдің кедені бірігіп, ортақ жүйемен жұмыс істесе, ортақ халық саны 130 млн.нан асады. Түріктер, бұл дәлізді мемлекетаралық байланыстың жаңа кезеңін бастайды деп санайды.
Әзірбайжан мен Өзбекстан, Түркия үшін Орталық Азия аймағымен сауда жасауда маңызды роль атқарады. Анкарадағы билік, аталған 2 елге Еуропа, Таяу Шығыс және Африка нарығына шығатын көпір қызметін атқаруға көмектеседі.