Түркия мен Әзербайжан серіктестігі нығая түсті

382

Осы жылдың алғашқы алты айында Әзербайжан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 34,8%-ға немесе 1 млрд 11 млн долларға өсіп, бүгінде 3,916 млрд деңгейіне жетті. 

Түркия мен Әзербайжан серіктестігі нығая түсті Фото: Вестник Кавказа

Бұл туралы Әзербайжан Мемлекеттік Кеден комитеті хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Әзербайжаннан Бакудің ең жақын әскери-саяси серіктесі Түркияға экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ға өсіп, $2,769 млрд-қа жетті.

Есепті кезеңде Әзербайжан Республикасы Түркиядан 1,147 миллиард долларға өнім импорттады, бұл жылдық салыстыруда 9%-ға немесе 94,4 миллион долларға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу