Түркия мен Германия арасындағы "дөнер-кебаб" дауы аяқталды

258

Германия Еуроодақта дөнер сату бойынша көш бастап тұр. 

Түркия мен Германия арасындағы "дөнер-кебаб" дауы аяқталды Фото: РБК

Түркияның Udofed қауымдастығы дөнер-кебабқа қатысты Еуропа бойынша бірыңғай реттеу туралы өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап.

Анкара дөнер-кебабты дәстүрлі тағам ретінде тіркеу жөніндегі өтінішін кері қайтарып алды. Осылайша бұл шешім Германиямен арадағы дөнер-кебабтың танымал түрлері аясындағы ұзаққа созылған дауға нүкте қояды.

"Дөнерді кепілдендірілген дәстүрлі тағам ретінде тіркеу туралы өтініш 2025 жылғы 23 қыркүйекте кері қайтарылды. Бұл автоматты түрде тіркеу рәсімі тоқтатылды деген сөз", – деді Еурокомиссия өкілі.

Түркия үш жылға созылған дау кезінде донердің нақты дайындау жолын сақтауды талап етіп келді. Өтініш мақұлданған жағдайда, Германияда ет, көкөністер мен түрлі тұздықтарды қолданатын дөнердің танымал түрлерін сату мүмкін болмай қалатын еді.

Өз кезегінде Берлин бұл шектеулерге қарсылық танытты. Себебі бұл талап елдегі 18,5 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орнының жұмысына қауіп төндіретін еді. Яғни, Германиядағы сатушылардың көпшілігі бұрынғыдай дөнер деген атауды пайдалана алмай қалар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу