Израиль Премьер-Министрі Яир Лапид БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында түрік басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Бұл туралы The Times of Israel хабарлады.
Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, Лапид Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Лиз Трасс, Грецияның Премьер-Министрі Кириакос Мицотакис және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришпен кездеседі.
Бұған дейін Түркия мен Израиль қарым-қатынастарын қалыпқа келтіретінін жариялаған болатын. Айта кету керек, Анкара мен Тель-Авив сауда және қауіпсіздік саласында ұзақ уақыттан бері серіктес болып келеді.
Динара Мұрат