Түркия елі Катармен бірлесе отырып Колумбия астанасы Богото мен елдің солтүстік өңірінде орналасқан елдімекен тұрғындарына азық-түлік жеткізді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Аталмыш шарада колумбиялық 250 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды. Алдағы апта мұндай азық-түлік Меделин қаласының мұқтаж тұрғындарына жеткізілу көзделіп отыр. Түркияның гуманитарлық көмек көрсету қоры Катардың қайырымдылық қорымен бұдан әрі бірлесе отырып осындай игі істі Латын Американың басқа да елдерінде жалғастыра бермек. Ендігі кезекте Колумбия шекарасында орналасқан Перу мен Эквадор елдеріне бару жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу