Мысырдың сыртқы істер министрі Сирия мен Түркияға ресми сапары барысында Түрік әріптесі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, қиын кезеңде қолдау көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды Atameken business телеарнасы.
Сондай-ақ зілзаладан зардап шеккен халыққа арнап гуманитарлық көмек жеткізді.
Айта кету керек, Түркия мен Мысыр арасындағы дипломатия 2013 жылы, Абдель Фаттах ас-Сиси Мұхамед Мурсиге қарсы қозғалысты бастаған кезде бұзылған. Өйткені, Режеп Тайып Ердоған Мүрсидің қолдаушысы еді. Екі ел өз елшіліктерін жауып, қарым-қатынасты мүлде үзген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу