Маңызды басқосудың қарсаңында Еуропарламентте депутаттар, сарапшылар мен Түркия үкіметінің өкілдері бас қосты, деп жазады inbusiness.kz.
Анадолы шенеуніктері қарт құрлық елдерін Президент Ердоғанның бір жыл ішінде 10 қаланы жаппай қайта құру туралы бағдарламасын қолдауға шақырды. Еуропалық Одақ осыған дейін зілзаладан зардап шеккен қос елге 6,5 млн еуро жедел көмек жіберген. Көпшілік енді алдағы донорлық конференциядан зор үміт күтеді.
"Түркия - біздің көршіміз. Қазіргідей қиын кезеңде біз күш біріктіріп, зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсетуіміз керек. Анкара халықаралық қауымдастықтан тиімді, нақты көмек сұрап отыр. Сондықтан, дүйсенбіде өтетін донорлық конференцияда әлем елдері аянып қалмайды деген сенімдеміз", - деді "Түркия - Еуропалық Одақ" достық тобының төрағасы Еуропалық Парламенттің депутаты Рышард Чарнецкий.