Түркия мен Украина астық дәлізін талқылады

506

Түркияның қорғаныс министрі Украинаның инфрақұрылым министрімен кездесті.   

Түркия мен Украина астық дәлізін талқылады Фото: Anadolu Agency

Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Қайсери қаласында Украинаның инфрақұрылым министрі Александра Кубраковпен кездесіп, астық дәлізін жан жақты талқылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.  

Түркияның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше кездесу барысында екі тарап Қара теңіз бастамасы аясында азық-түлікті үзіліссіз тасымалдауды жалғастыру үшін жасалуы қажет қадамдар туралы пікір алмасты.

Бүгінгі таңда астық дәлізі арқылы 903 кеменің көмегімен мұқтаж елдерге 28,3 миллион тонна астық тасымалданғаны атап өтілді.

Түркияның қорғаныс министрі Акар аймақта бейбітшілік орнатып, адам шығынын болдырмау үшін Украина аумағындағы соғыс қимылдарының дереу тоқтатылуының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, министр Түркия аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге және гуманитарлық көмек көрсетуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу