Түркия мен Вьетнамға виза алам деп алданғандар: Астанада жаңа алаяқтық схема анықталды

277

Келтірілген шығын сомасы шамамен 15 млн теңгені құрайды.

Түркия мен Вьетнамға виза алам деп алданғандар: Астанада жаңа алаяқтық схема анықталды Фото: br.az

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Түркия, Вьетнам мемлекеттеріне виза алып беремін деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 33 жастағы күдікті әйелді ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды оңай жолмен шетелге шығуға виза алып беремін деп сендіріп, 6 эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған.

Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу