Түркия неліктен Қырымды Ресейдікі деп мойындамайтынын мәлімдеді

3250

Бұған дейін Ыстамбұл Малтепе университетінің профессоры Хасан Унал Түркия мен Ресей Қырымға қатысты келісімге келе алатынын жариялаған еді.

Түркия неліктен Қырымды Ресейдікі деп мойындамайтынын мәлімдеді Фото: reuters.com

Түркия үкіметі қанша ауысса да, ешқайсысы Қырымның Ресейдің бір бөлігі екенін мойындамайды. Йылдырым Бейазыт атындағы Анкара университетінің оқытушысы және Анкарадағы орыс зерттеулері институтының жетекшісі әрі профессор Салих Йылмаз осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Йылмаз мұндай саяси қадамның мүмкін еместігін жеткізді. Оның айтуынша, Түркияда көптеген қырым татарлары тұрады, сондықтан Қырымды Ресейдікі деп мойындау президент пен оның партиясының сайлауда жеңіске жетуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Сарапшы сонымен қатар Қырым мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының төңірегіндегі жағдай ұқсас еместігін және оларды салыстыру дұрыс емес екенін атап өтті. 

Бұған дейін Ыстамбұлдағы Малтепе университетінің профессоры Хасан Унал Түркия мен Ресей Қырымға қатысты келісімге келе алатынын жариялаған еді. Оның ойынша, тараптар мәмілеге келу үшін ресми Мәскеу Солтүстік Кипрді тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауы керек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу