Қазақстанның Абай ауданындағы орман өртінен адамдардың қаза болуына байланысты Түркия Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu басылымына сілтеме жасап.
"Абай ауданындағы өрт салдарынан 14 орманшының қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдадық. Дос және бауырлас Қазақстан халқына және үкіметіне көңіл айтамыз", - делінген министрліктің Twitter-дегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу