Түркия орманын "Оттың ұлдары" отқа орады

1565

Түркиядағы орман өртін "Оттың ұлдары" деп аталатын террористік ұйым өз мойнына алды, деп хабарлайды inbusiness.kz yenisafak сайтына сілтеме жасап. 

Түркия орманын "Оттың ұлдары" отқа орады

Аты аталған теріс пиғылды ұйым Анадолы түбегінде 30 жылдан бері қастық ұйымдастырумен айналысып келеді. Олар осы жолғы террорлық әрекетіне  қатысты әлеуметтік желі арқылы ресми мәлімдеме жасап, бұл істі өздері қасақана жасағандарын жариялады. 

Осыдан 24 жыл бұрын Мұрат Қарайылан басқаратын террористік ұйым
Анталияның 650 гектар орманын өртеп жіберген. Былтыр террористердің басшысы уәзірлеріне "Орманды жаулаңдар!" деп бұйрық беріп: "Сендердің қаруларың сіріңке мен шылымтұтатқыш", – дегенді айтқан. 

Естеріңізге салайық, өткен аптада Анкарадағы артилериялық-зымыран мектебінің жанындағы орманды отқа ораған К.Юнал есімді 28 жасар жігіт тұтқындалды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған азамат "Оттың ұлдары" террористік ұйымының жақтасы болып шықты. 

Орман өртеуді 1984 жылы бастаған террорлық ұйым өкілдері Түркияның туристік аймағын мақсатты түрде өртейді. 2006 жылы ұйым мүшелері 5 күнде 2 мың гектар орманды өртеп, 4 млн ағашты жағып жіберген. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу