Инфляцияны бәсеңдету мақсатында Орталық Банктің валюталық резервінен лираны қолдау тоқтатылды. Бұл туралы жаңа тағайындалған банк басшысы Хафизе Эркан мәлімдеді.
Ал, елдің мемлекеттік банктері лираны қолдау үшін интервенцияларды қайта бастады. Бір тәулікте оған шамамен 1 млрд жұмсады.
Еске салайық, Түркияның Орталық банкі өткен айдан бастап пайыздық мөлшерлемені көтерді. Президент Ердоған әкімшілігі 40 пайызға жеткен инфляцияны бәсеңдетуді көздейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу