Түркия өз әскерін Ливияға жібере алады

1249

Түркия парламенті Ливияға қатысты жаңа заң жобасын қабылдап, оған мемлекет басшысы қол қойды.  

Түркия өз әскерін Ливияға жібере алады

Жаңа құжат бойынша түрік әскери қызметшілері Ливияға бара алады, деп хабарлайды Қазақпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

325 парламентарий аталмыш заң жобасын қабылдауды жақтап дауыс берді, ал 184 депутат қарсы болды.

Тиісті заң жобасы 30 желтоқсан күні парламент қарауына ұсынылған еді.

27 қарашада Түркия мен Ливия ұлттық келісім үкіметі арасында екі ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Оның біреуі қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық және теңіздегі құзыретті шектеуге арналса, екіншісі халықаралық заңдардан туындайтын қос елдің құқықтарын қорғауды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу