Түркия парламенті 30 наурызда Финляндияның Солтүстік Атлантикалық шартқа (НАТО) қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы заң жобасын талқылайды, деп жазады Inbusiness.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Тиісті заң жобасын 23 наурызда Түркияның сыртқы байланыстар жөніндегі Парламенттік комитеті қабылдады.
Әділет және даму партиясы (ӘДП) фракциясы төрағасының орынбасары Йылмаз Тунч заң жобасы 30 наурызда Парламент отырысында талқыланатынын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу