Түркия парламенті конституцияға өзгеріс енгізуді мақұлдады

1111

Түркия парламенті конституцияға өзгеріс енгізуді мақұлдады

Түркия парламенті басым дауыспен президенттік басқару нормасына өтуді қарастыратын конституцияға бірқатар түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "РИА Новости" агенттігі.

18 баптан тұратын заңды қабылдауға 339 депутат қолдап дауыс берді. Заң референдумға шығарылды. Ол соңғы шешім қабылдайтын болады. 

"Депутаттарға жасалған жұмыс үшін алғыс білдіремін, енді сөз халықта", — деді Түркия премьері Бинали Йылдыррым парламент депутаттарына қарата.

Түркия президенті Тайып Ердоған алдағы күндері заңға қол қояды деп күтіледі. Одан кейін ол референдумға шығарылады. Референдум заң мәтіні жарияланғаннан соң 60 күннен кейін өтеді. 

 Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап, 1923 жылдан бері әрекет етіп жатқан  парламенттіктің орнына президенттік басқару жүйесін енгізуді қарастыратын негізгі заңға өзгерістер жобасын парламентке басқарушы Әділеттік және даму партиясы енгізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу