Бұл туралы CNN Turk дүйсенбіде НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Вильнюсте Түркия Швецияны альянсқа қысқа мерзімде қабылдауға келіскенін айтқаннан кейін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Түркия парламентінің күзгі сессиясы 1 қазанда басталады.
NTV құжаттың өту рәсімі туралы швед тарапына хабарланғанын атап өтті, яғни жергілікті заңнамаға сәйкес, президент немесе СІМ басшысы құжатты ұсынғаннан кейін ол бейінді комиссияның қарауына келіп түседі және бекітілгеннен кейін ғана жалпы Парламенттің қарауына шығарылатыны хабарланды.
Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанмен және Швеция Премьер-Министрі Ульф Кристерссонмен кездесуден кейін Вильнюсте НАТО Саммиті қарсаңында Анкара Швецияны НАТО-ға қабылдау туралы хаттаманы Парламентке ратификациялау үшін мүмкіндігінше тезірек беруге келіскенін хабарлады.
Дипломатиялық түрік дереккөздері атап өткендей, Анкараның Швецияға қойған барлық талаптары орындалды. Олардың негізгісі терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты.