Түркия президенті елбасын Анкараға шақырды

897

Түркия президенті елбасын Анкараға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу