Түркия президенті елдің министрлер кабинетін толық ауыстырды

653

Үшінші президенттік мерзімге сайланған Түркия басшысы Реджеп Тайип Эрдоған, елдің министрлер кабинетін толық дерлік ауыстырып тастады. 

Түркия президенті елдің министрлер кабинетін толық ауыстырды Фото: Риа Новости

Жаңа үкімет мүшелерін, ол өзінің инаугурациясы кезінде жариялады. Осылайша, экономика, сыртқы істер, ішкі істер, қорғаныс министрлері, тағы басқалары да ауысты. Ал өзі алдағы бес жылда Түрік Республикасының абыройы мен даңқын асқақтату үшін және күллі әлемге таныту үшін, бар күшін салатынын мәлімдеді. 

Реджеп Тайып Эрдоғанды ұлықтау салтанатына 78 мемлекеттің өкілі, оның ішінде жиырма президент қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу