Түркия президенті Катарды кінәламауға шақырды

876

Түркия президенті Катарды кінәламауға шақырды

Бірқатар мемлекеттердің бір уақытта Қатарды оқшаулауы ислам құндылықтарына қайшы келеді. Бұл туралы басқарушы партия депутаттары алдында баяндама жасаған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Біз Қатарда қалыптасқан жағдай үлкен қателіктерге алып келеді деп білеміз. Бүтін бір елді құбыжық етіп көрсету гуманизмге жат, исламға қайшы. Қатар да Түркия секілді ДАИШ террористеріне қарсы күресуші ел. Бір-бірімізді алдамайық. Аймақ елдері Қатарды кінәлі қылғаннан ештеңе ұтпайды", - деді Ердоған.

Түркия президенті Сауд Арабиясы королі Салмен бен Әбдел Әзизді "дағдарысты реттеуде жетекшілік жасауға" шақырды.

Айта кетсек, Қатар республикасымен Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен араб әмірлігі, Бахрейн және тағы бірқатар елдер дипломатиялық қатынасын тоқтатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу