Түркия президенті Қазақстанға келмейтін болды

1594

31 наурызда ол Түркістанға келеді деп жоспарланған.  

Түркия президенті Қазақстанға келмейтін болды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұмыс сапарымен Қазақстанға келмейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Ол Түркістанда өтетін Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысуы керек болған.

"30-31 наурызға жоспарланған президенттің Қазақстанға сапары болмайды. Ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция режимінде қатысады", - деп жазылды Түркия президентінің әкімшілігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) 2009 жылдың қазанында құрылған халықаралық ұйым. Ол түркі мемлекеттерін біріктіреді және елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Оның құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан кіреді. Ал Венгрия ұйымдағы бақылаушы мемлекет болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу