Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Анкараға келген НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады, деп хабарлайды trt.net.
Қабылдауда НАТО-ға мүше елдердің террордың әр түріне қарсы ынтымақтасып, тұрақтылықпен күресудің маңыздылығына назар аударылды.
Түркияның одақтастық үшін стратегиялық маңызға ие бір ел екенін атап көрсеткен Столтенберг шілде айында Брюссельде өтуі жоспарланған НАТО саммиті жайлы да президент Ердоғанмен ақпарат бөлісті.
Президент Ердоған және Столтенберг Дамаск әкімшілігі тарапынан 7 сәуір күні Думаға жасалған химиялық қару шабуылының артынан АҚШ, Ұлыбритания және Францияның сенбі күнгі ортақ операциясын бағалады.
Бұл аяда НАТО мүшесі елдердің террордың әр түріне қарсы ынтымақтасып, тұрақтылықпен күрестің маңызы тілге тиек етілді.