Жексенбіде Түркия азаматтары қайтадан дауыс беруге барады. Шетелде тұратын түріктер өз таңдауын жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Евроньюске" сілтеме жасай отырып.
Шетелде тұратын Түркия азаматтары президенттік сайлаудың екінші кезеңіне белсенді қатысты.
Сайлау бюллетеньдерін урналарға 1 миллион 895 мың 430 адам түсірді. Жалпы, келушілер саны жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп, 55%-ды құрады. Сарапшылардың пікірінше, бұл азаматтардың дауыстары жеңімпазды анықтауда шешуші фактор болуы мүмкін.
Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі көшбасшы Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция кандидаты Кемал Кылышдароғлы үміткер.
Бірінші турда Ердоғанға сайлаушылардың 49,5%-ының дауысын жинады. Кылычдароғлыға 44,9%-ы қолдау көрсетті.
Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турында дауыс беру 28 мамыр жексенбіде өтеді.